ЕҢ АЛДЫМЕН, ПАЙДА БОЛҒАН КЕЗДЕ ТЕЗ АРАДА ДӘРІГЕРГЕ ЖОЛЫҒУ КЕРЕК БОЛАТЫН ІШТІҢ АУРУЫМЕН ҚАТАР ЖҮРЕТІН ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕРДІҢ БАР ЕКЕНДІГІН АЙТА КЕТУ ҚАЖЕТ.

ОЛАРҒА ТӨМЕНДЕГІ БЕЛГІЛЕР ЖАТАДЫ1:

Бастың айналуы, әлсіздік, дене температурасының жоғарылауы, қайталанған құсу, күретамырлық қысымның төмендеуі, көзге көрінетін қан ағу, іш көлемінің үдемелі ұлғаюы, іш бұлшықеттерінің қатаюы және аурудың күшеюі

Мысалы, «қанжар сұққандай ауырсыну» деп аталатын кіндіктің айналасының қатты ауруы ойық жараның тесілуінің белгісі болып табылады. Онымен қатар жүретін белгілер — кенеттен пайда болған әлсіздік, жабысқақ суық тер, солғындық. Осындай жағдайда, тез арада «Жедел жәрдем» шақыру қажет1.

ӘДЕТТЕ ІШ АУРУЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ҮШ НЕГІЗГІ АЙМАҒЫН БӨЛУГЕ БОЛАДЫ:

Іштің жоғарғы жағы

Кіндіктің айналасы

Іштің төменгі жағы

Гендерлік айырмашылық пен сәйкес симптоматикаға негізделген әр аймақтың өзіндік сипаттамасы бар. Оларды толығырақ зерттелік.

Іштің төменгі жағының ауыруы.
Мүмкін себептері

Іштің төменгі жағының ауыруы – кең таралған синдром. Ол түрлі аурулармен қатар жүріп немесе жүйке-психикалық шиеленіс кезінде (нейрогендік аурулар) пайда болуы мүмкін. Көріну дәрежесі жөнінен іштің ауыруы шыдатпайтын, қатты, орташа және шамалы болып бөлінеді. Әрине, ол градация шартты болып табылады, өйткені, әр адамның өзіндік ауруы шамасы мен аурудың пайда болуының өзіндік себептері болады.

Кез-келген жағдайда, іштің ауыруы мұқият көңіл бөлуді талап етеді: іштің неге және неден ауыратындығын, шынайы себебін анықтауға арналған кәсіби диагностика және ем жазып беру2,3.

Ер адамдар мен әйел адамдардың іштің төменгі жағының ауыруының ықтимал себептері.

  • Тітіркенген ішек синдромы
  • Асқазан-ішек жолының жұқпалы-қабынба аурулары
  • Несеп шығару жүйесі мен бүйректердің патологиясы
  • Бүйректің шаншып ауыруы

Сонымен қатар, ер адамдар іштің төменгі жағының ауыруын сезінген кезде бүйрек пен несеп шығару жүйесіне назар аудару керек, өйткені, созылмалы пиелонефрит пен несеп-тас ауруы кезінде осындай ауыру жағдайлары болады4. Және осындай аурулардың себебі несеп-жыныс жүйесінің органдарының қабынуы болуы мүмкін, мысалы, простатит ауруы. Ол іштің төменгі бөлімінде пайда болатын ауырумен қатар жүреді (жамбас ауыруы)5,6.

Ал әйел адамдардың іштің төменгі жағы әлдеқайда жиі, іштің төменгі жағының және кіші жамбас органдарындағы ауру көзін нашар «анықтайтын» әйелдердің жүйке жүйесінің ерекшелігі себебінен ауырады. Мысалы, ауру жатырдың айналасында пайда болып, кіндік пен оның асты, қасаға үсті маңына жайылады. Осындай әйелдердің ауруының кең таралған себебі — етеккір келуінің бұзылуы (етеккір кезіндегі ауыру) ол қан ағудың алғашқы күндерінде пайда болады7,8.

Етеккір кезіндегі толғақ тәрізді немесе бірқалыпты, созылмалы, сыздап ауыратын, кейде жанға бататын және шаншып ауыратын аурулар түйілу себебінен пайда болуы мүмкін: ол ағзаның қабынумен немесе басқа патологиялық фактормен күресуі.

Ондай жағдайда түйілуді уақытылы түйілуді басатын дәрілер көмегімен басу маңызды, өйткені, ол ауырсыну синдромының азаюына әкеледі. Әңгіме әйелдердің ауруы етеккір келуінің бұзылуымен байланысты және тек осы себептен пайда болатын жағдайлар туралы екендігін айта кету керек. Оған көз жеткізу үшін, гинекологқа тексерілу қажет: әйелдердің несеп-жыныс жүйесінің басқа ауруларын жоқтығын анықтау. Сонымен қатар, осындай ауырудың себебі басқа маңызды ас қорыту органдарының, кіші жамбас органдарының аурулары болуы мүмкін. Егер ауру үнемі пайда болатын болса, аурудың көзін табу үшін дәрігерге жолығу керек2,4,6,7.

ЕР АДАМДАРДЫҢ ІШТІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНЫҢ АУЫРУЫ КӨБІНЕСЕ, ӘРТҮРЛІ ПАТОЛГИЯ СЕБЕБІНЕН ТУЫНДАЙДЫ. АУЫРУ КЕЗІНДЕ ШАНШЫП-БҰРАП АУЫРУ СИПАТЫ БАЙҚАЛАДЫ, ДЕНЕНІҢ БАСҚА ЖЕРЛЕРІНЕ ТАРАЛЫП, АУРУДЫҢ ШЫНАЙЫ КӨЗІН ТАБУ ҚИЫН ЖЕРДЕ АУЫРУ СЕЗІЛУІ МҮМКІН – ОСЫНДАЙ БЕЛГІ МЫСАЛЫ, БҮЙРЕКТІҢ ШАНШУЫ КЕЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАДЫ4.ОЛ ЖАҒДАЙЛАР ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ ЖӘНЕ ӘЛСІЗДЕНУМЕН ҚАТР ЖҮРУІ МҮМКІН. ОНДАЙ КЕЗДЕ, ТЕЗ АРАДА ДӘРІГЕРГЕ ЖОЛЫҒУ КЕРЕК.

Кіндіктің айналасының ауыруы

БКіндіктің айналасындағы ауыруды сезіну субъективті сезінулер мен себептердің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Тамақтан кейін кіндіктің айналасының ауыруы осы жерде орналасқан ішкі органдардың түрлі түйілу құбылыстарымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, кіндіктің айналасының сыздап, сырқырап ауыруы көптеген себептердің әсерінен аш ішектің түйілуінен пайда болуы мүмкін.

Осындай іш ауруларын тудыратын жағдайларды емдеуде қосымша түйілуді басатын препараттар қолданылуы мүмкін9,10.

ІШТІҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫНДА, КІНДІК ҮСТІНДЕ, ЯҒНИ ЭПИГАСТРИЯ АЙМАҒЫНДА-МАҢЫЗДЫ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БЕЛГІ.

Іштің жоғарғы жағының ауыруы: себептері

Тамақтан кейін іштің ауыруы асқазан, өңеш, гастрит ауруларымен байланысты болуы мүмкін. Аш қарынға сезілетін және тамақ ішкеннен кейін басылатын сыздап, сырқырап ауру — ойық жара ауруының белгісі1. Ал оң жаққа немесе төс шеміршек астына берілетін, сыздап, сырқырап ауыру өт шығару жолдарының патологиясы туралы айтуы мүмкін4. Сондай-ақ, тітіркенген ішек синдромы кезінде де ауыруы мүмкін (ТІС): тоқ ішек жолымен толғақ тәрізді ауыру қатар жүреді.

Сілтемелер:
  1. Ас қорытуағзасыныңауруынтиімдідәрі-дәрмектерменемдеу. Тәжірибеленушідәрігерлерүшіннұсқаулық. / В.Т. Ивашкина ред-мен «Литтера» басылымы, 2003 – бет.310
  2. Э. П. Яковенко Абдоминалдыауырсыну синдромы: этиология, патогенез және терапия мәселелері. Емдеушідәрігерлер № 05-06/01
  3. Ивашкин В. Т., Буеверов А. О., Лапина Т. Л. Гастроэнтерология. Ұлттықнұсқаулық. М.: ГЭОТАР-Медиа. 2018 г. 480 б.
  4. РесейФедерациясыныңжалпытәжірибе( отбасылықдәрігерлер) дәрігерлерініңассоциациясы КЛИНИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРЫ «Іштіңауруы» синдромы кезіндегіжалпытәжірибедәрігерініңтактикасы 2014, б. 4
  5. Курбатов Д. Г., Кузнецкий Ю. Я. Созылмалыпростатиттіжәнесозылмалыжамбасауруыналдыналуалгоритмі // Вестн. репр.. 2008. №1-2.
  6. Практикалық урология. Дәрігерлерүшіннұсқаулық / И. В. Глыбочко. Ю. Г, Аляева. — М., Медфорумред-мен 2012 — 353 с.
  7. Синчихин Сергей Петрович, Мамиев Олег Борисович, Сувернева Алевтина Александровна, Какурин Владимир Иванович Дисменорея — этиология, патогенез, алдыналу, клиника жәнеемдеугезаманауикөзғарас (әдебиетшолу) // Астрахань медицина журналы. 2010. №1.
  8. Баисова Б. И. Гинекология. . И. Баисова и др. ; Г. М. Савельевой, В. Г. Бреусенко ред-мен Оқулық . М.: ГЕОТАР-МЕДИА. - 2011. - 432 с.
  9. Лепахин В. К. Клиникалық фармакология және фармакотерапия. Дәрігерлерүшіннұсқаулық . 2-е басылым.,түзет. жәнетолықт. М.: Универсум паблишинг, 1997. 531 с. ISBN 5-7736-0002-1.
  10. Р.Г.СайфутдиновГастроэнтерологиядағыспазмолитиктер // Заманауиклиникалық медицина хабаршысы. 2010. № 2 Қосымша
×