Етеккірлік қызметінің қалыптасуы басталған кезінен, кейбір қыздар арасында, етеккір келген уақытта, ай сайын қайталанатын, ауырлық дәрежесі әртүрлі ауыру сезімдері пайда болады. Олар кейде ауыр дерт секілді өтіп, жұмысқа қабілеттілік пен әлеуметтік бейімделуден айырады.
Ауырсынулық еттекір дисменорея немесе альгодисменорея деп аталады.1
Жас қыздарға көбінесе еттекірдің алғаш рет пайда болған кезіндеге,ұзақ уақыт сақталатын дисменорея сәйкес келеді. Ал оның кездесу жиілігінің шыңы 17-18 жасқа, яғни еттекір қызметінің толық қалыптасу кезеніңе сәйкес келеді.3,4
Ықтимал себептерінің бірі, әйелдердің репродуктивті жүйесінің аурулары болуы мүмкін.2
Дисменореяның (ауыру сезімін тудыратын етеккірдің) негізгі белгісі қарын астындағы ауыру сезімі болып табылады. Ол әлсіз түрінен шыдатпайтын ауруға дейін, әйелді толығымен жұмысқа қабілеттіліктен айырып, жеткізуі мүмкін.5 Дисменорея кезінде ауыру толғақ түрінде болады, сыздатып, жұлқып, керіп ауырып, белге, тік ішекке, қуыққа немесе аяққа берілуі мүмкін. 6 Ауыр сезімі, әдетте, етеккір келгенге дейін бірнеше сағат бұрын басталып, одан кейінгі үш күнге (72 сағатқа дейін) созылады1.
Ауырлық дәрежесі бойынша дисменорея жеңіл, орташа және ауыр болып жіктеледі. Дисменореяның жеңіл дәрежесінде қарын астында әлсіз ауыру сезімі пайда болып, әйел жалпы әлсіздікті сезінеді. Орташа ауырлық дәрежесінде, қарын астының қатты ауыруымен қатар жалпы әлсіздік пайда болып, жүрек айнуы, бас ауыруы, қалтырау, іштің кебуі мүмкін. Эмоциялық орта да өзгереді – ауыр сезімдері күшіне енген кезде, үрейлену, торығу, ашушаңдық, ұйқысыздық, әртүрлі иістерден жиіркену сезімдері пайда болады. Бұл уақытта жұмысқа қабілеттілік айтарлықтай бұзылады. Дисменореяның ауыр дәрежесінде, әйелдің белі мен іші ауырады, қатты әлсірейді, жүрегі айниды, кейде құсады, басы қатты ауырады. Көп жағдайда дене қызуы көтеріліп, жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болады, іші өтеді, аяқ-қолдары ұйып қалады, кейде есінен тануы мүмкін2,4,7